Елордада "Северное сияние" подъезі карантинге жабылды

Елордада "Северное сияние" тұрғынүй кешенінің подъезі карантинге жатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Елордада "Северное сияние" тұрғынүй кешенінің подъезі карантинге жатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қала әкімінің баспасөз хатшысы Ақмарал Олжабаеваның айтуынша, "Северное сияние" ТК № 1 подъезі карантинге алынды. "Аумақты дезинфекциялау жұмыстары жүріп жатыр. Подъезд қоршалды, полиция қызметкерлері кезекшілік атқарады. Тұрғындарға подъезден шығуға тыйым салынады, тек ең жақын маңдағы дүкенге баруға болады, дәрі-дәрмекті үйге тапсырыс беру керек. Ол жақтағы барлық тұрғын - үйдегі карантинде", - деді Олжабаева.

Әкімдіктің ақпараты бойынша, бүгінде елордада 15 үйдің кіреберісі карантинге алынған. Сонымен қатар, Нұр-Сұлтанда Рысқұлбеков - Мүсірепов - Мұстафин көшелері - Абылай хан даңғылы тоғыз үймен қоса бүкіл аудан қоршалған.

Реклама
Реклама

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама