24 сәуір 2021 | 14:23

Елордада Уәлиханов көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Елордада Шоқан Уәлиханов көшесінің бір бөлігі нөсер кәрізін жалпы қалалық желіге қосу жұмыстарының жүруіне байланысты уақытша жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елордада Шоқан Уәлиханов көшесінің бір бөлігі нөсер кәрізін жалпы қалалық желіге қосу жұмыстарының жүруіне байланысты уақытша жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Шоқан Уәлиханов көшесі Жәнібек Тархан көшесінен Ағыбай батыр көшесіне дейінгі учаскеде нөсер кәрізін жалпы қалалық желіге қосу жұмыстарының жүруіне байланысты 2021 жылдың 25 сәуірі сағат 06.00-ге дейін жабылады", - делінген хабарламада. 

Көлік қозғалысы тиісті жол белгілерін орнату арқылы уақытша схема бойынша жабық учаскені айналып өту үшін ұйымдастырылады. Аталған көше арқылы транзиттік көліктің өтуі жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін толығымен жабылады. Ал жақын маңдағы тұрғындардың тұрғылықты жеріне жетуі үшін балама маршруттар қарастырылған.

Реклама
Реклама

"Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарын құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан немесе аяқталмаған жол учаскелеріне аса мұқият болуды және Қазақстан Республикасының Жол қозғалысы ережелерінің талаптарын сақтай отырып, уақытша схема бойынша белгіленген жол белгілерін ескере отырып, бағытын жүзеге асыруды сұрайды", - делінген елорда ПД хабарламасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram