27 наурыз 2020 09:19

Елордадағы автобустарда қолма-қол төлем жасауға тыйым салынды

Нұр-Сұлтандағы автобустарда қолма-қол төлем жасауға тыйым салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі астаналық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтандағы автобустарда қолма-қол төлем жасауға тыйым салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі астаналық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

27 наурыздан бастап Нұр-Сұлтандағы жолаушылар автобустың алдыңғы есігі арқылы кіре алмайды, ал жүргізушілер лента арқылы қоршауға алынады. Сонымен қатар, астаналық автобустарда қолма-қол төлем жасауға тыйым салынды. Әкімдік мәліметінше, бүгінде қолма-қол төлемсіз жол ақысын беру - 98 пайыз. 

Реклама
Реклама

26 наурыздан бастап Нұр-Сұлтандағы автобустар кешкі сағат 19:00-ге дейін ғана жүреді. 

28 наурыздан бастап карантин аймағында орналасқан қала маңындағы автобустардың қозғалысы тоқтатылады. Ол Қосшы, Тайтөбе, Жібек Жолы, Талапкер, Қоянды, Қызылсуат, Ы.Алтынсарин және "Нұрлы" саяжай ауылы (№ 301, 302, 303, 304, 306, 307, 313, 314, 319, 320, 321, 322, 326).

Еске салайық, бұған дейін астанадағы № 1 автобус паркі қызметкерлердің бірі коронавирус жұқтырған адаммен байланыста болғандықтан карантинге жабылған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram