15 ақпан 2022 13:17

Елордадан бір түнде 28 мың текше метрге жуық қар шығарылды - әкімдік

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото: astana.gov.kz

Биылғы қыста елордадан барлығы 3,1 миллион текше метрден аса қар шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Биылғы қыста елордадан барлығы 3,1 миллион текше метрден аса қар шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

14 ақпаннан 15 ақпанға қараған түні қаладан 28 мың текше метрге жуық қар шығарылды. 

Реклама
Реклама

Фото: astana.gov.kz

Қала көшелерін қардан тазарту жұмыстарына 1000-нан астам арнайы техника мен 1500-ден астам жол қызметкері жұмылдырылған.

Фото: astana.gov.kz

Қөлік кептелісі болмас үшін ең алдымен, көлік қозғалысы өте көп аумақтар тазартылады. Сондай-ақ, қардан орташа қарқындылықтағы учаскелер - алаңдар, вокзалдар, тротуарлар және әлеуметтік нысандарға кіретін жолдар тазартылды.

"Жалпы, бүкіл қыс мезгілінде елордадан 3,1 миллион текше метрден астам қар шығарылды. Қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр", - делінген хабарламада.

 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram