15 қаңтар 2022 | 17:08

Елордадан шығатын бес бағытта жол жабылды

Фото: Tengrinews.kz

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Нұр-Cұлтаннан шығатын бес жолға шектеулер енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда комендатурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Нұр-Cұлтаннан шығатын бес жолға шектеулер енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда комендатурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Ауа райының нашарлауына байланысты Нұр-Сұлтаннан Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Рождественка және Павлодарға шығатын бағыттарында қозғалыс шектелді. 

"Қауіпсіздік мақсатында тұрғындарды айналма жолдарды пайдаланбауға шақырамыз, өйткені қар басып жатыр, жүру қауіпті. Қалалық магистральдарда бағыттарды алдын ала ойластыруды, жылдам орын ауыстыру мен тежегіш басудан аулақ болуды, жылдамдық режимі мен қауіпсіз қашықтықты сақтауды сұраймыз!", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Баспасөз қызметінің мәліметінше, елордада таңертеңнен бері 25 жол-көлік оқиғасы тіркелген.

Қалалық комендатура өкілдері коменданттық сағат режимін бұзбауға шақырады. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram