28 наурыз 2020 | 13:09

Елордаға бір тәулікте 200-ден астам адам шетелден келген

© Тұрар Қазанғапов

Нұр-Сұлтанға бір тәулікте 200-ден астам адам шетелден келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанда коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау жөніндегі жедел штабтың Telegram-дағы парақшасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"27-28 наурыз аралығында Нұр-Сұлтанға үш халықаралық рейс келді. Онда 200-ден астам адамды. Барлығы страционарларға жатқызылды, олардан COVID-19-ға зертханалық анализ алынды", - деп хабарлады жедел штаб өкілдері. 

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, Нұр-Сұлтанда қосымша жеті блок-бекет қойылды. Қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті қорғаныс маскалары мен антисептикалық құралдардың болуына тұрақты мониторинг жүргізіп отыр. Астанадағы 52 ірі нысан үнемі дезинфекцияланады.

Еске салайық, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандарың саны 204 болды. Нұр-Сұлтанда 117 науқас бар.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram