ПОДЕЛИТЬСЯ
03 қыркүйек 2021 | 13:26
Елордалық дәрігер балаларға жасырын вакцина салынады деген қауесетке жауап берді
Нұр-Сұлтан қаласының бас санитария дәрігерінің орынбасары Жанна Пірәлиева балаларға манту сынағының орнына жасырын түрде коронавирусқа қарсы вакцина салынады деген қауесетке жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бірінші сынып оқушылары манту сынағын алуы керек (туберкулез микобактериясына антиденелер болуын тексеру сынамасы. - ескерт.). Бірақ ата-ана балаларына коронавирусқа қарсы вакцина рұқсатсыз салынады деп қорқып, бұдан бас тартады", - деді журналист әкімдікте өткен брифингте
"Жыл сайын қыркүйекте бірінші сынып оқушыларына БЦЖ (туберкулезге қарсы вакцина. - ескерт.) ревакцинациясы жүргізіледі. Бүгінде барлық мектеп дайындалып жатыр, тізімдер жасалады және бұл акция жыл сайын толық көлемде жүргізіледі. Бүгінде қалада балаларға арналған вакцина жоқ, сондықтан бұл - негізсіз", - деп түсіндірді Жанна Пірәлиева.
Айта кетейік, Қазақстанға Pfizer/BioNTech вакцинасы қазанда жеткізіледі деп күтіледі. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой вакцина тек балалар мен жүкті әйелдерге қолжетімді болатынын айтты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также