13 наурыз 2021 | 17:22

Елордалық клубта карантин кезінде 400 адам жүрген

© Astana.gov.kz

Нұр-Сұлтанда мониторинг топтар күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Елорданың барлық ауданында карантин шектеулерін бұзу деректерін анықтау және оларды болдырмау үшін рейдтер жүреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтанда мониторинг топтар күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Елорданың барлық ауданында карантин шектеулерін бұзу деректерін анықтау және оларды болдырмау үшін рейдтер жүреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

13 наурызға қараған түні мониторинг тобы BHB барында жұмыс режимі бұзылғанын анықтады. Мониторингтік топ сағат 00.19-да келгенде, мекеме карантин талаптарын бұзып, әлі жұмыс істеп тұрған. Онда бір уақытта әлеуметтік қашықтық пен маска режимін сақтамаған 400-ге жуық адам жүрген. Жиналған материал тиісті органдарға берілді.

Ақпарат бойынша, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап елорданың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына 287 шұғыл хабарлама келіп түсті. Олардың негізінде кәсіпкерлік субъектілерге карантин шектеулерін бұзу ісіне қатысты жоспардан тыс 280 тексеру жүргізілді.

Реклама
Реклама

Олардың қорытындысы бойынша 60,5 миллион теңгеден аса сомаға 261 жеке және заңды тұлға әкімшілік жауапқа тартылды.

Санитарлық-эпидемиологиялық тексеру қызметкерлері мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотқа бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы орындамайтын 47 "қасақана бұзушыға" қатысты 54 материал жіберді.

Сот нысандардың қызметін тоқтату туралы 28 жеке және заңды тұлғаға қатысты әкімшілік шаралар қабылдады.

Бүгінгі таңда 13 кәсіпкерлік нысанының қызметі тоқтатылды. Олар: "Тeukila" караоке-бар, "ZOLOTO" мейрамханасы, "Stories" (қазіргі уақытта "Два грузина") лаундж-бары, "Abba" лаундж-бары, "Алания" түнгі клубы, "Echo" лаундж-бары, "Жаным сол" караоке-бары, "Echo" лаундж-бары, "Kango" батут орталығы, "Ginza" ресторан-караоке, "Alanya" ресторан-караоке, "Nirvana" бар, "Лото-клуб".

Алайда ҚР заңнамасының талаптарын қасақана елемеу және кәсіпкерлік субъектілері нысандарының қызметін және жұмыс режимін тоқтату туралы сот және сот орындаушыларының қаулыларын орындамау фактілері бар екенін атап өткен жөн.

Осылайша "Алания" түнгі клубы сот орындаушысының кіру есіктерін мөрлеп, сумен жабдықтауды өшіргеніне қарамастан, 2021 жылғы 7 наурызда сумен жабдықтауға жекелей қосылып, жұмысын жалғастырды.

Мониторингтік топ "Tekuila" караоке-бары сот қаулысын бұзды деп айыптады. Мекеме иелері сот орындаушысы салған пломбаларды үш рет жыртып, сумен жабдықтауды дербес қосқан.

"Echo" лаундж-бары да пломбаны жұлып алып, жұмысын жалғастырды. Заң бұзу фактісі 2021 жылдың 6 наурызында анықталды.

Өз кезегінде "Nirvana" бары да пломбаның бұзылуына және жұмыстың заңсыз қайта жанданғанына байланысты айыпталды.

Кәсіпкерлік субъектілері тарапынан орын алған қасақана бұзушылық фактілері туралы хаттар ҚР заңнамасын бұзушыларды жауапкершілікке тарту бойынша пәрменді шаралар қабылдау үшін Әділет департаментіне, қалалық Прокуратураға жолданды.

2021 жылғы 10 наурызда сот қаулыларының орындалмауына байланысты аға сот орындаушысы "Tekuila" кафе-бары мен "Alanya" караоке-мейрамханасын сумен жабдықтаудан және электр қуатынан ажыратуды жүргізді.

Естеріңізге сала кетейік, 10 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан қаласы эпидемиологиялық жағдай бойынша "қызыл аймаққа" енді. Карантиндік шектеулерді бұзушылықтарды анықтау және болдырмау бойынша мониторингтік топтардың жұмысы күшейтілген режимге ауыстырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная