04 мамыр 2019 14:46

Елордалықтар қала жолдарында жүк көліктері қозғалысына шағымдана алады

© Тұрар Қазанғапов

Нұр-Сұлтан тұрғындары жүк тиелген ауыр көліктердің қала жолдарында жүру фактілеріне шағымдана алатын болды, - деп хабарлайды "Елорда Инфо" қалалық Көліктік бақылау инспекциясына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтан тұрғындары жүк тиелген ауыр көліктердің қала жолдарында жүру фактілеріне шағымдана алатын болды, - деп хабарлайды "Елорда Инфо" қалалық Көліктік бақылау инспекциясына сілтеме жасап.

Әкімдіктегілердің мәліметінше, Нұр-Сұлтан қаласы көліктік бақылау инспекциясы WhatsApp және Telegram желісінде +77080880800 нөмірі бойынша Көлік комитетінің ахуал орталығына жүк тиелген ауыр көліктердің қала көшелерінде жүру фактілеріне шағымдануға болатынын еске салады. 

Реклама
Реклама

"Жолданатын хабарламада мобильді телефон камерасына түсірілген видеода міндетті түрде жүк көлігінің мемлекеттік тіркеу нөмірі, жүріп өткен орны, автожол бөлігі көрсетілуі керек. Сонымен қатар, жақын жердегі елді мекен, күні мен уақыты көрсетілуі тиіс. Көліктік бақылау инспекциясы азаматтарды қаланың автомобиль жолдарының жақсы сақталуын қамтамасыз етуге атсалысып, белсенділік танытуға шақырады", - делінген Көліктік бақылау инспекциясының хабарламасында.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram