05 маусым 2020 | 16:02

Елордалықтар көліктен шықпай-ақ коронавирусты анықтауға тест тапсыра алады

Елордалықтар көліктен шықпай-ақ коронавирусты анықтауға тест тапсыра алады. Оған 3-5 минут уақыт кетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елордалықтар көліктен шықпай-ақ коронавирусты анықтауға тест тапсыра алады. Оған 3-5 минут уақыт кетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Елордада коронавирус инфекциясын анықтау үшін мобильді скрининг диагностикасы пайда болды. Зертхана №2 Қалалық көпбейінді аурухана базасында іске қосылды. Скрининг орталығының ашылу салтанатына қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен мен қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова қатысты.

Реклама
Реклама

"Мақсат - қаланың барлық азаматтарын тексеріп, инфекция жұқтырмағанына көз жеткізу. Сонымен қатар күн сайын 6 зертханада 4 500 талдау жасалады. Жалпы, қалада материал жинаумен айналысатын мемлекеттік және жеке зертханалар бар. Орталық та ыңғайлы орналасқан. Азаматтар әуежайға келгеннен кейін тест тапсыра алады. Автокөліктерге арналған тұрақтар жеткілікті", - деді Бақтияр Мәкен.

Қала әкімі орынбасарының айтуынша, болашақта жоба қаланың басқа да бөліктерінде ашылуы мүмкін.

Мобильді орталық күніне 100-ден аса тест алуға қабілетті. Процедура тек 3-5 минут алады. Сондай-ақ, бұл әдіс барлық автокөлік үшін ыңғайлы және ешқандай кезекті қажет етпейді. Тест құны - 10 мың теңге.

Тест тапсырушы эпидемиологиялық факторлар мен симптомдарға қатысты жеке ақпараттар көсетілген сауалнама толтырады. Кабинада дене температурасы жанасусыз термометр көмегімен өлшенеді. Нәтиже 6 сағат ішінде белгілі болады. Тест тапсырушы өз нәтижесін электрон пошта немесе Whatsapp нөмірі арқылы ала алады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram