04 тамыз 2021 | 12:23

Елордалықтар коронавирусты қайда жиі жұқтырады?

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитария дәрігері Сархат Бейсенова қала тұрғындары коронавирус жұқтыратын негізгі орындарды атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитария дәрігері Сархат Бейсенова қала тұрғындары коронавирус жұқтыратын негізгі орындарды атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бас санитария дәрігердің айтуынша, елордада коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз.

"Қала бес ай бойы қызыл аймақта болды, ал соңғы 13 күнде инфекциялық ауруханалар жүктемесі 70 пайыздан асқанын ескеріп "қоңыр-қызыл" аймаққа өтті. Кешеден бері жұқпалы аурулар ауруханасының жүктемесі 69 пайыз болып, елорда қайтадан "қызыл" аймаққа кірді" , - деді Сархат Бейсенова елорда әкімдігінде өткен брифингте.

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, маусымның екінші онкүндігінен бастап, өте қауіпті "дельта" штамының таралуымен елордадағы эпидемиологиялық жағдай нашарлап кеткен.

"Шілдеде аурушаңдық деңгейі мамырдағы көрсеткіштен 2,4 есеге, маусымда 2,3 есеге артты. Шілдеде пандемия басталғаннан бері 100 мың тұрғынға шаққандағы ең жоғары апталық көрсеткіш тіркеліп, ол 915,9 болды. Орташа тәуліктік көреткіш маусымда 388-ден, шілдеде 1200-ге дейін өсті. Соңғы 19 күнде тәулігіне 1500 мыңнан аса науқас тіркеледі", - деді Сархат Бейсенова.

Оның айтуынша, бүгінде коронавирусты негізгі жұқтыру орындары базарлар, сауда үйлері, қоғамдық көлік, мейрамханалар, дәмханалар, барлар, еңбек ұжымдары және саябақтар мен демалыс аймақтарындағы көпшілік жиналатын орындар.

"Базарлардағы инфекция 7 пайыздан 15 пайызға; сауда нысандарында - 19 пайыздан 24 пайызға; кеңселерде - 13 пайыздан 28 пайызға; саябақтар мен демалыс аймақтарында - 15 пайыздан 18 пайызға дейін арты. Науқастардың 8 пайызы қоғамдық көлікті үнемі пайдаланатындар", - деді қаланың бас санитария дәрігері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная