ПОДЕЛИТЬСЯ
12 маусым 2019 | 20:03
Елордалықтар митингіні қолдамады
Қазақстанда тыйым салынған ДВК ұйымының жақтаушылары Нұр-Сұлтанда өткіземіз деп жоспарлаған митинг болған жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанда тыйым салынған ДВК ұйымының жақтаушылары Нұр-Сұлтанда өткіземіз деп жоспарлаған митинг болған жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде бұрынғы банкир Мұхтар Әблязовтің үндеуі жарияланған болатын. Ол елордада жолды жауып, Республика мен Қабанбай батыр даңғылдарынан Бәйтерек монументіне дейін баруды, сондай-ақ, түтіндету құтысын қолдану арқылы автокөлік қозғалысын тоқтатуды ұсынған.
Айта кетерлік жайт, Әблязов бұған дейін Ержан Тәтішевтің өлімін ұйымдастырғаны үшін өмір бойына сотталған болатын. 2017 жылы Әблязов миллиардтап ақша ұрлағаны үшін 20 жылға бас бостандығынан айырылған. Қазір ол шетелде жасырынып жүр.
12 шілденің кешкі уақытындағы жағдай бойынша, астаналықтар Қазақстанда тыйым салынған ұйымның митингісін қолдамаған.
Tengrinews.kz тілшісінің ақпараты бойынша, Нұр-Сұлтанның оң және сол жағалауларында жағдай қалыпты. Полиция тарапынан қауіпсіздік шаралары жасалған. Құқықбұзушылық және жолды жабу әрекеттері байқалмады.
Показать комментарии
Читайте также