ПОДЕЛИТЬСЯ
09 шілде 2019 | 15:34
Елордалықтар World Clean up Day 2019 акциясын қолдады
Елорданың 320-ден астам тұрғыны World Clean up Day 2019 Дүниежүзілік акциясы аясында "Еуразияның таза жағалауы" сенбілігінде жаппай тазалауға шықты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Жерұйық саябағы, Президент, Жетісу және Орталық парктары Ботаникалық бақ, "Көктал-1", "Сарыбұлақ", "Қарасу" өзендері мен "Нұрлы жол" жаңа теміржол станциясының жанындағы су қоймаларында қоқыс жиналды.
Іс-шараға 320-дан астам қала тұрғыны қатысты, 3 біолік арнайы техника, 5 бірлік жүк көлігі тартылды. 700 қап қоқыс жиналып, сыртқа шығарылды, олардың басым бөлігі қалдықтарды қайта өңдеу кешеніне қайта өңдеуге жіберілді.
Сенбілік ұйымдастырушылары Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, "Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы", Let`s Do It, Qazaq eli, "Астана автоклубтары альянсы" және "Спарта Астана экоклубымен" бірлесіп ұйымдастырды.
Показать комментарии
Читайте также