10 наурыз 2021 | 12:19

Елорданы тағы қар басты

Астанада боран соғып, дауылға байланысты ескерту жарияланды. Әуежайда рейстер кешіктіріліп, бастауыш сыныптардың сабағы тоқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада боран соғып, дауылға байланысты ескерту жарияланды. Әуежайда рейстер кешіктіріліп, бастауыш сыныптардың сабағы тоқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

10 наурызда Нұр-Сұлтанда ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды. Синоптиктер қалада бұрқасын, көктайғақ және оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысып, секундына 28 метрге дейін жететінін ескертті. 

Түнде температура 10-15 градусқа дейін төмендеді, бірақ күндіз синоптиктер -3 ...+2-ге дейін көтеріледі деп болжап отыр. Күндіз қармен бірге жаңбыр жаууы мүмкін.

Реклама
Реклама

Түнде де қар аралас жаңбыр жауған еді. Автокөлік иелері таңертеңнен бері көліктердегі мұзды әлеуметтік желілерде бөлісіп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram