01 маусым 2021 13:32

Елорданың бір ауданында түні бойы су болмайды

Фото:elements.envato.com

2 маусымның кешінен 3 маусымның таңына дейін "Байқоңыр" ауданына ауыз су беру уақытша тоқтатылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана су арнасы" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

2 маусымның кешінен 3 маусымның таңына дейін "Байқоңыр" ауданына ауыз су беру уақытша тоқтатылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана су арнасы" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ЖЭО-1 мен өндірістік аймақта ауыз су құбырындағы қысым реттегішті жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты 2 маусымда сағат 21.30-дан 09.00-ге дейін Байқоңыр ауданы бойынша ішінара: Өндіріс тұрғын алабы, Кирпичный тұрғын алабы, Пушкин көшесі, 69 көшесі, Алаш тасжолы және әл-Фараби даңғылы, ЖЭО-1-де ауыз су беру уақытша тоқтатылады", - делінген хабарламада.

3 маусымда сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін бұл аудандарда судың қысымы төмен болады, бұл су құбыры желілерінің іске қосылуына байланысты. 

Реклама
Реклама

"Елорда құрылысына байланысты бұл жұмыстар сумен жабдықтау желілерінің сапасы мен сенімділігін жақсарту үшін қажет", - деді "Астана су арнасы" өкілдері. Олар тұрғындардан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram