15 маусым 2019 | 12:38

Елорданың қақ ортасында. The spirit of Eurasia өтетін күн мәлім болды

Камила Долаева Журналист

5-6 шілдеде Қазақстан астанасында The Spirit of Eurasia 2019 заманауи этникалық музыка фестивалі өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

5-6 шілдеде Қазақстан астанасында The Spirit of Eurasia 2019 заманауи этникалық музыка фестивалі өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Осы екі күнде елорданың басты open-air алаңының сахнасына EthnoWorld жанрында өнер көрсететін әлемнің 14 елінен 13 керемет ұжым келеді. Сахнада тағы да әр түрлі халықтың, тіл мен құрлықтың мәдениеті көрсетіледі. Фестивальдің өтетін орны Нұр-Сұлтандағы дәстүрлі open-air алаңына айналған - "Бәйтерек" монументі алдындағы орын. Жұма, сенбі күндері болатын концерт сағат 17.00-де басталады, кіру тегін.

Реклама
Реклама

The Spirit of Eurasia елордалық көрермендердің сүйікті The Spirit of Astana фестивалінің жетілдірілген түрі. Ол бүкіл Еуразия құрлығынан әртістерді жинап, шараның географиясын кеңейткен. Тамаша концептуалды шоу Нұр-Сұлтан әкімдігінің қолдауымен, Қазақстандағы жастар жылы аясында өтеді. 

Қонақтарды Wyndham Garden Astana қонақ үйі қарсы алады. Фестивальдің ресми суы - Calypso.

The Spirit of Eurasia фестивалінің бас продюсері Жан Қастеев елордалық көрерменге қалай ұнау керектігін айтты:

"Қазақстан қалаларындағы жұртшылық бір-бірінен ерекшеленеді, фестиваль де сондай. Біз екі жыл бойы жақсы таңдалған музыканттардың өнерімен астаналық көрерменді қуантып жүрміз. Біздің ойымызша, фестивальге көрермен тартатын ең бастысы құрал - сапалы, қызықты музыка".

Жан Қастеев музыкалық мерекеге келген қонақтарды қандай әртістер күтетінін айтты:

"The Spirit of Eurasia бүкіл Еуразия құрлығының ортасында Нұр-Сұлтанда өтеді. Бұл Еуразияның түкпір-түкпірінен команда таңдауға жол ашты. Біз Қазақстанның астанасын бүкіл Еуразияның мәдени орталығы деп санаймыз. Биыл елорда көрермендері ұнатып үлгерген музыканттардан басқа, бұрын соңды Алматыда да болмаған мүлдем жаңа топтар келеді. 

Бізге алғаш рет Оңтүстік Корея мен Зимбабведен музыканттар келеді. Сондай-ақ, Эстония, Латвия және Литва әртістерін күтеміз. Отандық орындаушыларымызды да ұмытқанымыз жоқ - екі топ болады. Олардың бірі - биыл Алматыда жақсы өнер жолын бастаған ұжым. Бір қызығы, олар астаналықтар".

Сондай-ақ, шоудың ерекшелігі туралы The Spirit of Eurasia фестивалінің режиссері Марина Ожерельева айтып берді:

"Дәстүрлі фестиваль Нұр-Сұлтан қаласының туған күнін атап өтетін күні болады. Бұл елорданың барлық тұрғыны мен қонақтары үшін музыкалық сый. Осы жылы көрермендер үздік ұжымдардың орындауындағы сапалы жанды дыбыстан және тамаша жарық шоуынан шынайы рахат алады деп үміттенеміз. Жыл сайын жастар арасында біздің жоба жанкүйерлерінің саны артып келе жатқаны бізді қуантады. Музыкалық мерекеде олар өзін көрсетуге, жаңа достар табуға, концерттен қуат алуға мүмкіндік алады.

Біздің барлық жобаларымыз сапалы техникалық жабдықталуымен және шоу-техника саласындағы ең заманауи әдістермен ерекшеленеді. Биыл музыканттар толық жаңартылған сахнада өнер көрсетеді, ол бұрынғыдан да үлкен, әсем болады. Сахнаның бар сән-салтанаты жаңартылған кең форматты LED-экрандарда көрсетіледі. Ал сахнаға біріктірілген бірегей дөңгелек экран концерттік шоудан толықтай ләззат алуға жағдай жасайды. Дәстүрлі фестиваль біздің ресми YouTube хостингіндегі арнамызда және Tengrinews.kz сайтында онлайн көрсетіледі. Сондықтан түрлі-түсті музыкалық шоуды әлемнің кез келген жерінен тамашалауға болады".

Музыкалық мерекенің көрермендері мен қонақтарын жобаға қатысушы елдер туралы интерактивті фильмдердің үйлесіміндегі жанды музыкалық орындалулардан тұратын қойылым күтеді. Халық қазіргі заманғы технологиялармен тамаша интеграцияланған дәстүрлі аспаптардың керемет үні шығатын таңғалдырар әлемге түседі.

Сондай-ақ, The Spirit of Eurasia 2019 аумағында жәрмеңке мен этникалық шеберлер қалашығы ашылады. Онда қонақтар қолдан жасалған музыкалық аспап, кәдесыйлар мен киім-кешек сатып ала алады. Фан-аймақтың маңында тамақтану орындары ұйымдастырылады.

Бұл Қазақстан астанасының тұрғындары мен қонақтарының сүйікті, өзіндік ерекше атмосферасы бар ұмытылмас музыкалық мереке. Фестиваль сахнасы алаңның кез келген жерінен көруге болатындай етіп орнатылады. 

The Spirit of Eurasia екі күндік музыкалық шоуы - 2012 жылы Tengri FM радиостанциясы негізін қлаған The Spirit of Tengri халықаралық жобасы отбасынан шыққан фестиваль. Бұл мультимәдени жобаның мақсаты - Қазақстанда заманауи EthnoWorld музыкасының ең танымал өкілдерін біріктіре отырып, ұлы дала және бүкіл әлем халықтарының мұрасын таныстыру. Нұр-Сұлтандағы музыкалық мереке биылғы жылдың екінші шарасы болмақ, біріншісі - 25-26 мамыр аралығында Алматыда өткен The Spirit of Tengri фестивалі

The Spirit of Tengri жобасы ұлттық ауқымдағы мәдени бренд мәртебесіне ие. Фестивальді 120 мыңнан астам қонақ көріп, әлемнің 80-нен аса елінен әртістер келіп өнер көрсеткен. Концерт real-time режимінде кең форматты LED-дисплейлерде, сондай-ақ, тікелей эфирде онлайн көрсетіледі.

Былтыр фестивальді Kaspi.kz және Magnum Cash & Carry қолдаған. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная