12 қыркүйек 2020 | 13:56

Елорданың кей көшесінде "Сергек" камералары өшіріледі

Сурет: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Нұр-Сұлтан полицейлері Тұран даңғылында қозғалыс жабылғаннан кейін "Сергек" камераларының қалай жұмыс істейтінін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтан полицейлері Тұран даңғылында қозғалыс жабылғаннан кейін "Сергек" камераларының қалай жұмыс істейтінін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қабанбай батыр даңғылындағы Керей-Жәнібек Хандар көшесінен Қарқаралы айналма жолына дейін қоғамдық көлік жолақтарында қозғалысты қадағалауға арналған "Сергек" жүйесі өшіріледі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық әкімшілік полиция басқармасы мәлімдеді.

Реклама
Реклама

"Сонымен бірге, Тұран даңғылындағы көлік қозғалысы жабылғаннан кейінгі жағдайды зерттей келе, Қабанбай батыр даңғылының Достық көшесінен екі бағытта Қарқаралы айналма бағытындағы автобус жолақтарындағы қозғалысты бекітуді тоқтатуға шешім қабылданды.

Осыған байланысты Нұр-Сұлтан қалалық әкімшілік полиция басқармасы Тұран даңғылы мен Ұлы Дала көшесі қиылысында жөндеу жұмыстары кезеңінде жоғарыда аталған учаскеде қоғамдық көліктің белгіленген жолақтарында автомобиль қозғалысының мүмкіндігі туралы хабарлайды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, Тұран даңғылында Сығанақ көшесінен бастап Керей Жәнібек хандары, сондай-ақ Хусейн бен Талал көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейін максимал жылдамдық сағатына 80 шақырымнан 60 шақырымға дейін азайтылды, мұнда жылдамдықты бұзғандарды "Сергек" жүйесі тіркейді.

Бұл өзгертулер жұмыс аяқталғанға дейін және Тұран даңғылында қозғалыс ашылғанға дейін уақытша күшінде болады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная