22 қыркүйек 2021 | 14:24

Елорданың тағы бір көшесінде автобус жолағы ашылады

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Видео әлеуметтік желіден алынған.

Елордада 25 қыркүйекте Мұхамедханов көшесі бойымен Айтматов көшесінен Тұран даңғылына дейін Bus Lane автобус жолағы ашылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі City Transportation Systems транспорт компаниясына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Елордада 25 қыркүйекте Мұхамедханов көшесі бойымен Айтматов көшесінен Тұран даңғылына дейін Bus Lane автобус жолағы ашылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі City Transportation Systems транспорт компаниясына сілтеме жасап.

"Бұл аумақта сұранысқа ие №45, №56 екі маршрут қозғалысына артықшылық жасалады, яғни олардың жалпы саны - 25 автобус. Күн сайын 16 мыңнан аса жолаушы осы бағытпен жүреді.

Bus Lane жобасы қоғамдық көліктерге кедергісіз жүрумен қатар, жедел жәрдем көліктері мен өрт сөндіру құралдары үшін арнайы көлік жолына мүмкіндік береді, бұл олардың уақытын едәуір қысқартты", - делінген хабарламада.

Белгілер жолдың беткі қабатына салынды, 25 қыркүйектен бастап жұмыс істейді.

Реклама
Реклама

Мұхамедханов көшесіне арнайы жолақ енгізілгенін ескере отырып, Bus Lane жобасы ұзындығы 73,6 шақырым болатын 26 жол учаскесінде жүзеге асырады.

CTS компаниясы жүргізушілерге сақ болып, жүретін бағыттарын алдын-ала жоспарлау керегін айтты.

Еске салайық, Bus Lane 29 тамызда Абылай хан даңғылы Пушкин көшесінен Манас көшесіне дейінгі аумақта шектелген уақытқа ашылды. Енді қарбалас уақытта, әсіресе 07.30-дан 9.30-ға және 17.00-ден 20.00-ге дейін автокөліктерге арнайы жолақтарда жүруге тыйым салынады.

2021-2022 жылы Bus Lane көшелер мен даңғылдар учаскелерінде іске қосылады деп жоспарлануда:

  • Жеңіс (Конституциядан Кенесарыға дейін);
  • Байтұрсынов (Аманжоловтан Нұрлы жол вокзалына дейін);
  • Нәжімеденов (Қалдаяқовтан Нұрлы жол вокзалына дейін);
  • Мұхамедханов (Тұран даңғылынан Айтматов көшесіне дейін);
  • Түркістан (Керей, Жәнібек хандар көшесінен Ұлы дала даңғылына дейін);
  • Абылай хан (Мұстафиннен Пушкинге дейін);
  • Қабанбай батыр (Сығанақ көшесінен Қарқаралы тас жолына дейін);
  • Тұран (Сығанақтан Керей, Жәнібек хандар көшесіне дейін және Қонаевтан Сарыарқа даңғылы бағытында Сарайшыққа дейін);
  • Момышұлы (Қошқарбаевтан Тоқпановқа дейін);
  • Тәуелсіздік (3 бөлім: Пушкиннен Майлинге дейін, Момышұлынан Байтұрсыновқа және Нәжімеденовтен Панфиловқа дейін);
  • Ұлы дала (38 көшеден Мәңгілік Елге дейін);
  • Мәңгілік Ел (Керей, Жәнібек ханардан Ұлы далаға дейін);
  • Қошқарбаев (Абылай ханнан Тәуелсіздікке дейін).

Елордада Bus Lane жобасы алғаш рет пилоттық режимде 2015 жылы 26 ​​шілдеде жүзеге асырылды. Ол сол кезде Момышұлы даңғылы, Абылай хан даңғылынан Сарайшық көшесіне дейін және Бөгенбай батыр даңғылы, Уәлиханов көшесінен Сарыарқа даңғылына дейін аумақты қамтыды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная