27 тамыз 2014 20:37

Елшілік Тоқаевты төбелесқор ретінде көрсеткен телеарнаға ресми хат жолдайды

Ren-TV телеарнасындағы "112" бағдарламасының кадры.

Қазақстан Ресейдегі Ren-TV телеарнасына ресми хат жолдап, "112" ақпараттық бағдарламасында кеткен қателікті түсіндіріп беруді талап етпек, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Нұржан Айтмахановқа сілтеме жасап. Бағдарлама журналистері жедел медициналық жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан қазақстандық бизнесмен туралы айтқан кезде Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың фотосын көрсеткен.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram