Елжан Біртанов медициналық мекемелердің бірінде түсірілген атышулы видеоға қатысты пікір білдірді

?Р Денсаулы? са?тау министрі Елжан Біртанов Алматыда?ы медициналы? мекемелерді? бірінде бол?ан атышулы видео?а ?атысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Еуразия бірінші арнасыны?" сайтына сілтеме жасап.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Алматыдағы медициналық мекемелердің бірінде болған атышулы видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Еуразия бірінші арнасының" сайтына сілтеме жасап.

Айта кетейік, бұл Біртановтың жаңа қызметтегі алғашқы сұхбаты. "Біз өз позициямызды айттық, бұл дегеніміз қызметтік этиканың сақталмауы. Мүмкін мұның барлығы басшылардың басқарушылық қауіптерді дұрыс түсінбеуінен болып жатқан шығар" - деді Елжан Біртанов "Еуразия бірінші арнасына" берген сұхбатында.

Еске салайық, WhatsApp мессенджерінде және Facebook әлеуметтік желісінде медициналық жұмысшылардың медициналық мекемелердің бірінде өткізген жиыны түсірілген видео пайда болған еді. Онда медициналық мекеменің бас дәрігері әдеп нормасын бұзып, "медициналық жұмысшының атына кір келтіретін әрекет жасаған".

Реклама
Реклама

"Ендігіде медициналық жұмысшылар мұндай ережебұзушылық жағдайларын жасамауы үшін қалалық медициналық ұйымдарда түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Денсаулық сақтау басқармасында құрылған комиссия №7 қалалық аурухананың қызметіне тексеріс жүргізуді жалғастырып жатыр", - делінген еді хабарламада.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама