Елжан Біртанов Тамара Дүйсенованың сынына жауап берді

© ortcom.kz

Денсаулы? са?тау министрі Елжан Біртанов ?з ведомствосыны? сын?а алынуын ?алыпты жа?дай санайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов өз ведомствосының сынға алынуын қалыпты жағдай санайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Айтылған сынға келер болсақ, біз жалпы кез келген сынға қалыпты қараймыз - әріптестеріміз, оның ішінде Тамара Қасымқызы да бар, біз бір командада жұмыс істейміз. Меніңше, бұл қалыпты жағдай, бір-бірімізге сұрақтар қойып, оған жауап береміз", - деді Елжан Біртанов Тамара Дүйсенованың айтқан сынына.

Осыған дейін Тамара Дүйсенова Денсаулық сақтау министрлігінің жұмысын сынға алған болатын. Оның айтуынша, елімізде менингит проблемасы ведомствоның жұмысын толық атқара алмағандығынан болып отыр.

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, кеше түнде министр Елжан Біртанов Алматыдағы Жекенов атындағы клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына барған болатын.  Министр дәргірерлермен жұмысына тексеріс жүргізіп, әңгімелесіп қайтты. Сондай-ақ, Елжан Біртанов Талғар аудандық ауруханғасына барған.

Менингит несімен қауіпті және одан қалай қорғану керек?

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама