ПОДЕЛИТЬСЯ
22 сәуір 2021 | 08:55
Ең жас министр Қазақстанда азық-түлік қымбаттауына пікір білдірді
Жыл басында ұлттық экономика министрі болып тағайындалған Әсет Ерғалиев Қазақстанда азық-түлік қымбаттауына қатысты пікір білдірді. Министр бұл туралы inbusiness.kz басылымына берген сұхбатта айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін Ұлттық экономика министрлігі осы мәселеге жауапты болған. Бүгінде бұл міндет Сауда министрлігіне жүктелген.
"Біз өз тарапымыздан, Ұлттық экономика министрлігі ретінде, бұл мәселемен де айналысамыз. Әріптестерімізбен талқылау барысында бұл мәселені шешу бойынша ұсынысымызды айтамыз. Бағаның өсуі туралы сөз болғанда, ол жерде импортталған инфляция үлесі бары түсінікті. Яғни бірінші орынға негізгі импорт алмастыру шығады. Бұған жүйелі түрде келу керек. Кез келген тауар өндірісінің барлық тізбегін қарастыра отырып, бизнеспен бірлесіп, мемлекеттік қолдаудың қажет ынталандыру шараларын қалыптастырып, осы жұмысты бүкіл тізбек бойынша құру керек", - деді Әсет Ерғалиев.
Айта кетейік, Әсет Ерғалиев 2021 жылдың 18 қаңтарында Ұлттық экономика министрі болып тағайындалған. Ол - Қазақстандағы ең жас министр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также