ПОДЕЛИТЬСЯ
19 желтоқсан 2024 | 17:20
“Ең үздік олимпиадалық команда - 2024”: түркістандық оқушылар республикалық ауыл мектептеріне арналған олимпиадада үздік нәтиже көрсетті
Астанада ауыл мектептерінің оқушылары арасында жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша өткен Республикалық олимпиаданың қорытындысы шығарылды. Олимпиаданың соңғы кезеңіне облысымыздан 41 оқушы қатысып, оның ішінде 23 оқушы жеңімпаз атанды.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Астанада ауыл мектептерінің оқушылары арасында жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша өткен Республикалық олимпиаданың қорытындысы шығарылды. Олимпиаданың соңғы кезеңіне облысымыздан 41 оқушы қатысып, оның ішінде 23 оқушы жеңімпаз атанды.
Түркістан облысының қоржыныны 7 алтын, 4 күміс, 12 қола медальмен толықты. Бұл балалар – өңіріміздің ең шалғай аймақтарынан келген дарынды жастар. Жалпы есепте Республикалық олимпиадада Түркістан облысының оқушыларына “Ең үздік олимпиадалық команда - 2024” атағы берілді.
Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаевтың тікелей тапсырмасымен ауыл мектептерінің талантты және білімге құштар оқушыларын анықтау мақсатында республикалық олимпиада екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Олимпиаданың бірінші облыстық кезеңіне 900-ге жуық оқушы қатысып, олардың 71-і олимпиаданың Республикалық кезеңіне жолдама алған. Оның ішінде 41 оқушы жаратылыстану-математикалық бағыт, 30 оқушы гуманитарлық бағыт бойынша республикалық кезеңге өтті. Бұл ауыл оқушыларының интеллектуалдық жарыстарға деген қызығушылығының артып, республикалық олимпиаданың мәртебесінің жоғары екенін көрсетеді.
Ал ауыл мектептерінің оқушылары арасында қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша өткен республикалық олимпиаданың соңғы кезеңіне облысымыздан 30 оқушы қатысып, оның ішінде 25 оқушы жеңімпаз атанды.
Түркістан облысының қоржыны 3 алтын, 9 күміс, 9 қола медальмен толықты.
Сондай-ақ, 4 оқушымыз олимпиаданың Мақтау қағазына ие болды. Жалпы командалық есеп бойынша, қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы республикалық олимпиадада Түркістан облысының ауыл мектептері оқушылары жүлделі ІІ орынды алды.
Ауыл мектептерінде жүріп өз білімін Республикада жоғары екенін көрсеткен барлық үздік оқушыларымызға алғыс білдіреміз!!!
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі ұсынған материал
Вопрос от редакции
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также