Еңбек демалысына шыққан Бекшиннің қызметін кім атқаратыны белгілі болды

Дина Шарипханова Корреспондент
Еңбек демалысына шыққан Бекшиннің қызметін кім атқаратыны белгілі болды Қарлығаш Әбдіжаббарова. Сурет: gov.kz

Алматы қаласының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин еңбек демалысына шыққанда оның қызметі Қарлығаш Әбдіжаббароваға жүктеледі. Бұл туралы департаменттің баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұйрығы бойынша, Бекшин Жандарбек Мұхтарұлы 27 желтоқсаннан 4 қаңтар аралығында еңбек демалысында болған кезде оның қызметтік міндетін орындау Қарлығаш Әбдіжаббароваға жүктеледі", - делінген хабарламада.

Бұған дейін Алматы қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы - Алматы қаласының бас мемлекеттік санитария дәрігері Жандарбек Бекшин қызметінен кететіні белгілі болған еді.

Жарнама
Жарнама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама