28 қараша 2019 | 12:22

Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі қанша жалақы алады?

© Хабар 24

Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасов қанша жалақы алатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасов қанша жалақы алатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Бізде барлық мемлекеттік қызметкерлер үшін жалақы төлеу жүйесі бірдей. Онда жалақының мөлшері еңбек өтіліне, қызметіне байланысты қаралатыны айтылған. 650 мың теңге", - деді Ақмәди Сарбасов журналистердің сұрағына жауап беру кезінде. 

Реклама
Реклама

Ақмәди Сарбасов еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне 2019 жылы мамырда тағайындалған. 

Осыған дейін, білім және ғылым вице-министр Рүстем Биғара өзінің жалақысы туралы айтқан еді. 

Сарбасов Ақмади Әділұлы 1977 жылы 4 қазанда БҚО Шыңғырлау ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Еуразия гуманитарлық университетін, Орталық Қазақстан академиясын, Назарбаев Университетінің жоғары мемлекеттік саясат мектебін және Сингапурдағы Ли Куан Ю мемлекеттік саясат мектебін тәмамдаған. 

1999 жылдан 2005 жылға дейін Әділет министрлігінің орталық және жергілікті мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерін тіркеу және бақылау департаментінде әр түрлі лауазымдарды атқарды.

2005-2013 жылдары халықты жұмыспен қамту және еңбек заңнамасының сақталуы мемлекеттік бақылау департаментінде, заң департаментінде, еңбек және әлеуметтік әріптестік департаментінде және еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитетінде жұмыс істеді.

2013 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік еңбек инспекторы болып жұмыс істеді.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная