ПОДЕЛИТЬСЯ
19 қаңтар 2024 | 16:05
Еңбек министрлігі әлеуметтік төлемдердің жаңа мөлшерін жариялады
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қазақстандық отбасыларға арналған жәрдемақылардың жаңа мөлшерін атады. Биыл әлеуметтік төлемдер 7 пайызға көтерілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қазақстандық отбасыларға арналған жәрдемақылардың жаңа мөлшерін атады. Биыл әлеуметтік төлемдер 7 пайызға көтерілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2023 жылы көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақымен орта есеппен 543,3 мың отбасы жалпы сомасы 413,3 миллиард теңге мөлшерінде қамтылды, оның ішінде желтоқсан айында 570,5 мың отбасына 36,6 миллиард теңге мөлшерінде жәрдемақы төленген.
Бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.
Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді және 2024 жылы:
- 4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК немесе 59 183 теңге;
- 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 73 988 теңге;
- 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 88 793 теңге;
- 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 103 598 теңге;
- 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе 14 768 теңге мөлшерінде төленеді.
"2024 жылғы 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 7 пайызға артқанын атап өтеміз", - делінген хабарламада.
Биыл көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуге 474,8 миллиард теңге қарастырылған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также