ПОДЕЛИТЬСЯ
15 қараша 2021 | 11:08
Еңбек министрлігі өкілдері қарашадағы орташа зейнетақы мөлшерін атады
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2021 жыл 1 қарашадағы зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшерін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2021 жыл 1 қарашадағы зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшерін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
1 қарашадағы жағдай бойынша елімізде зейнеткерлердің саны 2 миллион 230 мыңнан асады.
"2021 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін есепке алғанда) 99 804 теңгені құрады", - делінген хабарламада.
2021 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында республикалық бюджеттен базалық зейнетақыны төлеуге шамамен 682,8 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлемдері - 1 трлн 543,2 млрд теңге бөлінді.
2021 жылдың қазан айында республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 221,1 миллиард теңгеден астам бөлінді, оның 67,9 миллиард теңгесі базалық зейнетақыны төлеуге, 153,2 миллиард теңгесі ынтымақты зейнетақыға тиесілі.
Министрлік 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі әрбір алушыға оның зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтілі ескеріле отырып, жеке тағайындалатынын еске салады. Бұл ретте зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақтастығы жүйесінде есептелген еңбек өтілі, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары төленген кезеңдер кіреді.
Зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жыл және одан аз болса, сондай-ақ ол болмаған жағдайда базалық зейнетақының мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайызына тең болса, онда 10 жылдан асқан әрбір жыл үшін оның мөлшері 2 есеге өседі. Мәселен, 20 жыл еңбек өтілі болса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 74 пайызын, 30 жыл - ең төменгі күнкөріс деңгейінің 94 пайызын құрайтын болады. 33 жыл және одан да көп өтілі бар болса, ол ең жоғары мөлшер - ең төменгі күнкөріс деңгейінің 100 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
Оның үстіне, бір ай ішінде БЖЗҚ бірнеше рет ОПВ аударған болса, жинақтау жүйесіне қатысу мерзімі бір айды құрайды. Осылайша, міндетті зейнетақы жарналары неғұрлым тұрақты және толық көлемде төленсе, зейнеткерлік жасқа жеткендегі базалық зейнетақы төлемінің мөлшері соғұрлым жоғары болады.
Жасы бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еңбек өтіліне (кемінде 6 ай қажет) және зейнеткерлікке шыққанға дейінгі кезеңде алынған орташа айлық табысқа байланысты.
2021 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша зейнеткерлердің саны 2 миллион 229 мыңнан асты. Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін есепке алғанда) 99 887 теңгені құрады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также