01 маусым 2020 | 09:56

Еңбек министрінің ағасы Тимуржан Нұрымбетов өз еркімен қызметінен кетті

Тимуржан Нұрымбетов

Тимуржан Нұрымбетов Жамбыл облысы Еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы қызметінен өз еркімен кетті. Бұл туралы өңірлік әкімдіктің Tengrinews.kz тілшісі жолдаған ресми сауалхатқа берген жауабында айтылады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Тимуржан Нұрымбетов Жамбыл облысы Еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы қызметінен өз еркімен кетті. Бұл туралы өңірлік әкімдіктің Tengrinews.kz тілшісі жолдаған ресми сауалхатқа берген жауабында айтылады.

Ведомство мәліметінше, облыс әкімінің бұйрығымен Нұрымбетов басқарма басшысы қызметінен өз еркімен кетті. Ол бұл қызметке 2019 жылдың 18 ақпанында келген еді.

Реклама
Реклама

"Тимуржан Нұрымбетов өзін сауатты және білікті маман, мықты басшы ретінде көрсетті. Ашық, еңбекқор адам. Еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы қызметінде ешқандай тәртіптік жазаға тартылған жоқ", - делінген Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы Алмас Мәдиевтің жауабында.

24 сәуірде Нұрымбетовтің орнына уақытша қызметке Жорабек Баубеков келді.

Еске салайық, мұның алдында Тимуржан Нұрымбетовтің үй қамауына алынғаны хабарланған еді. Жамбыл облысының прокуратурасы 2019 жылдың 26 желтоқсанында Антикоррупция қызметінің сотқа дейінгі тергеу бастағанын айтқан еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная