Еңбек мобилділігі орталығының басшысы 200 мың теңге үшін сотталды

Фото ©️ Tengrinews.kz

Маңғыстау облысының "Еңбек мобилділігі орталығы" КММ директоры сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Маңғыстау облысының "Еңбек мобилділігі орталығы" КММ директоры сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Түпқараған аудандық соты Маңғыстау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Еңбек мобильділігі орталығы" КММ директоры М. Қайранбаевқа қатысты үкім шығарды.

Ол Өзбекстан Республикасы азаматының жұмысқа орналасуға жәрдемдесу сылтауымен 200 мың теңге мөлшерінде ақша қаражатын алаяқтық жолмен жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.

Реклама
Реклама

Сот үкімімен оған 2 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сондай-ақ, сотталған адам мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойы айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама