10 ақпан 2021 16:52

Еңбектеуге мәжбүр болған мүгедектің видеосынан кейін "Қазпошта" бөлімшелері тексеріледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Сәлемдемесін алу үшін еңбектеуге мәжбүр болған мүгедектің видеосынан кейін Nur Otan партиясы "Қазпошта" АҚ-ның Қарағанды облысындағы барлық бөлімшесін тексереді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сәлемдемесін алу үшін еңбектеуге мәжбүр болған мүгедектің видеосынан кейін Nur Otan партиясы "Қазпошта" АҚ-ның Қарағанды облысындағы барлық бөлімшесін тексереді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін Қарағандыда пандустың жоғынан "Қазпошта" ғимаратына кіре алмай, баспалдақпен еңбектеуіне тура келген мүмкіндігі шектеулі ер адамның видеосы қазақстандықтарды ашуландырған болатын.

"Қарағанды облысында мүгедектер арбасындағы ер адам пандустың жоқғынан Қазпошта бөлімшесіне кіре алмағаны қоғамда қызу талқыланған еді. Осы жағдайдан кейін облыстық комиссия пошта желісінің барлық филиалында ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін ыңғайлы көтерілетін орынның бар-жоғын тексеруді ұйғарды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, Желіде видео жарияланғаннан кейін "Қазпошта" АҚ ролик авторымен байланысқа шыққан болатын. Компанияның баспасөз қызметіндегілер тексеріс болып, бөлімшедегі кіреберіс аумағының талапқа сай емес екенін растаған. Сондай-ақ, компания Қарағанды ​​филиалының қызметкері мүгедектер мен қарттар үйінен сенімхат ұсынған әлеуметтік қызметкерге мүмкіндігі шектеулі адамның сәлемдемесін неге бермегенін түсіндірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети