14 шілде 2020 | 17:26

Енді борышкерлер істің қозғалғаны туралы ақпаратты SMS арқылы алады - Әділет министрлігі

Фото: unsplash.com

Қазақстанда борышкерлер атқарушылық іс жүргізудің қозғалғаны туралы ақпаратты SMS-хабарлама арқылы алады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда борышкерлер атқарушылық іс жүргізудің қозғалғаны туралы ақпаратты SMS-хабарлама арқылы алады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Енді борышкер ұялы телефон нөміріне атқарушылық іс жүргізудің қозғалғаны, онда қолданылатын шектеу шаралары туралы және іс бойынша басқа да мәліметтер жіберіледі", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы 27 маусымда Қазақстан Республикасының Президенті "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді және қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойған. Осылайша, елімізде заң атқарушылық іс жүргізу тараптарын хабардар ету институтын жетілдіріледі.

"Ұялы телефон нөміріне SMS-хабарлама жіберу арқылы азаматтарды электрондық хабардар етуге көшу бойынша норма енгізілді. SMS-хабарлауды пайдаланудың негізгі артықшылығы ұялы телефон нөміріне атқарушылық іс жүргізудің қозғалғаны, онда қолданылатын шектеу шаралары туралы және іс бойынша басқа да мәліметтерді жедел және уақтылы алу болып саналады", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, бұл сервис борышкерлердің қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді.

"Мысалы, егер бір тапсырысты хат құны-350 теңге болса, SMS арқылы осындай хабарлама шамамен 20 теңге болады. Заңға сәйкес оның құны шығыстарға есептеледі және борышкерден өндіріліп алынады. Бұл ретте пошта байланысы арқылы хабарлау мүмкіндігі толық жоққа шығарылмайды. Мысалы SMS-хабарлама арқылы хабарлау мүмкін болмаған жағдайда ғана, сот орындаушысы әдеттегі хабарламасы бар пошта байланысын қолданылады", - делінген хабарламада.

Заң осы жылдың 8 шілдесінде күшіне енді.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная