Енді қазақстандықтар жолдардағы шұңқырлар үшін ақы төлемейді

Фото:depositphotos.com

Көлік министрлігі жол қозғалысының қауіпсіздігіне әсер ететін ақаулар анықталған жол учаскелерінде көліктерді ақы алудан босатуды ұсынады. Жаңа ережелер 2025 жылғы маусымда күшіне енуі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Көлік министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Егер ақылы автожол учаскесінде жол қозғалысы қауіпсіздігіне әсер ететін және жөндеу жұмыстарын талап ететін зақымдар анықталса, онда бұл учаскеде жүру үшін ақы алынбайды.

"Бұл шешім ақау толығымен жойылғанға дейін күшінде болады. Мысалы, егер ақылы жолдың жалпы ұзындығы 100 шақырымды құраса және оның 5 шақырымы ақаулы болса, ақаулар жойылғанға дейін жүргізушілер тек 95 шақырым үшін ғана ақы төлейді", – делінген Көлік министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Реклама
Реклама

Бұл өзгеріс 2025 жылдың маусымында күшіне енеді деп күтіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама