20 маусым 2024 | 16:25

Енді қазақстандықтар мерзімі өткен айыппұлдар үшін артық төлем жасамайды

Фото:gov.kz

Бұдан былай қазақстандықтардың мүлкіне төлеу мерзімі өтіп кеткен айыппұлдарға байланысты бұғат қойылмайды. Енді төлеу мерзімі біткеннен кейін азаматтарға төлем туралы ескертетін хабарлама барады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бұдан былай қазақстандықтардың мүлкіне төлеу мерзімі өтіп кеткен айыппұлдарға байланысты бұғат қойылмайды. Енді төлеу мерзімі біткеннен кейін азаматтарға төлем туралы ескертетін хабарлама барады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әділет вице-министрі Бекболат Молдабековтың айтуынша, жаңа жоба жолға қойылған.

"Бұрын қалай болды? Егер сізге "Сергек" камерасы бойынша айыппұл келсе және оны 50 күн ішінде төлей алмасаңыз, онда сіздің айыппұлыңыз ЖСО-ға (жеке сот орындаушы - еск.) өтетін. Келесі кезекте сот орындаушысы бұғат қояды, содан кейін ол айыппұлдың 25 пайызына дейін өндіріп ала алады.

Ең аз есептеулер бойынша, осы роботтың арқасында жыл сайын азаматтардың 2,2 миллиард теңгесін үнемдейміз. Енді 50 күн мерзімі өтіп кетсе, оған SMS және push-хабарлама жібереміз. Қандай да бір банктің мобильді қосымшасын пайдаланатын болса, сол жаққа да жібереміз. Мұның бәрі азаматтардан қосымша төлем алынбас үшін жасалады. Енді мұның бәрін робот тегін жасайды. Бұл сома - 25 пайыз болмайды", - деп түсіндірді Молдабеков ОКҚ брифингінде.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная