30 мамыр 2023 | 08:35

Енді көлікке VIP-мемлекеттік нөмірді онлайн таңдауға болады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: polisia.kz

Қазақстандықтар үшін сұранысқа ие қызметтердің бірі "беделді" нөмірлерді сатып алу болып отыр. Өткен жылы автокөлік иелері шамамен 6 млрд теңгеге VIP-нөмірлер сатып алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандықтар үшін сұранысқа ие қызметтердің бірі "беделді" нөмірлерді сатып алу болып отыр. Өткен жылы автокөлік иелері шамамен 6 млрд теңгеге VIP-нөмірлер сатып алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Осындай нөмірлерді сатып алуды қолжетімді ету үшін ІІМ оларды таңдау және брондау бойынша тиісті сервис әзірледі. Бұл сервис Цифрлық даму министрлігінің "Smart Bridge" сервистер витринасында орналастырылған.

Реклама
Реклама

Сервис мемлекеттік қызметтерді көрсетуге арналған барлық интеграциялық платформада, оның ішінде екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларында да қолжетімді. Сонымен қатар, азаматтарға ыңғайлы болу үшін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган осы қызметті еGov.kz электрондық үкімет порталындағы жеке кабинеттерге шығару мәселесін пысықтап жатыр.

Былтырғы талдауға сәйкес, бұл жыл сайын 20 мыңнан астам азаматқа мобильді қосымшалар арқылы, ХҚКО-ға бармай-ақ, автокөліктерді тіркеу кезінде онлайн-режимде "беделді" нөмірлерді таңдауға және брондауға мүмкіндік береді. ІІМ мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру және процестердің ашықтығын қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастырып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная