Енді оқушыларды басқа мектепке eGov арқылы ауыстыруға болады

Дина Шарипханова Корреспондент
Енді оқушыларды басқа мектепке eGov арқылы ауыстыруға болады Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Енді оқушыларды басқа мектепке ауыстыру еGov порталында қолжетімді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Енді оқушыларды басқа мектепке ауыстыру еGov порталында қолжетімді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ата-аналар мен заңды өкілдер баланы бір мектептен екінші мектепке eGov.kz порталы арқылы ауыстыра алады. Порталда тұрғылықты жері бойынша немесе одан тыс кез келген білім беру ұйымын таңдап, өтінішті электрон түрде беруге мүмкіндік бар.

"Бұл қызмет есептен шығару және бекіту талондарын, сондай-ақ, жеке іс құжаттарын тапсыруды талап етпейді. Өтініш беруші оқу тілін таңдап, қажет болса, өтінішін қайтарып ала алады", - деп жазылған хабарламада.

Реклама
Реклама

Қызметті алу үшін:

  • eGov.kz порталында тіркелу;
  • "Білім" бөліміндегі "Орта білім" бөлімінде "Балаларды мектептен мектепке ауыстыру" қызметін таңдау;
  • Өтінішті толтырып, ЭЦҚ көмегімен қол қою;
  • Нәтижемен жеке кабинетте танысу керек.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама