ПОДЕЛИТЬСЯ
14 мамыр 2021 | 10:43
Енді Олимпиада, докторантура мен магистратураға тапсыру да электрон форматта болады - БҒМ
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектеп оқушылары арасындағы Олимпиада ойындары, докторантура мен магистратураға тапсыру да электрон форматта болады электрон форматқа көшкенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектеп оқушылары арасындағы Олимпиада ойындары, докторантура мен магистратураға тапсыру да электрон форматта болады электрон форматқа көшкенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы минист Facebook желісіндегі парақшасында айтты. Оның сөзінше, бұл өзгерістерді қоғам жақсы қабылдап, қолдау білдірген. Асхат Аймағамбетов биыл электрон форматқа көшкен тек ҰБТ емес екенін айтады.
"Біріншіден, оқушылардың пәндік Олимпиадасы. Біз биыл ақпан айында алғаш рет оқушылар арасында республикалық олимпиаданы электрондық форматта өткіздік. Әр қатысушыға жеке компьютер берілді, әр оқушының іс-әрекетін бейнекамера бақылап отырды. Сонымен қатар, арнайы орталықта кезекшілер барлық процесті қадағалай алып, прокторинг жүйесі де қолданылды. Әлеуметтік желілерде және арнайы порталда ашық трансляция жүргізілді. Бұған қоса, біз биыл олимпиада тапсырмаларын тексеру жүйесін де өзгерттік. Бұрын қазылар алқасы мүшелеріне балалардың жұмыстары пропорционалды түрде берілсе, енді бағалау кезінде субъективизмді төмендету үшін қазылар алқасының әр мүшесі бір ғана тапсырманы көріп, бағалай алды", - дейді министр.
Оның айтуынша, келесі жылдары да олимпиаданың облыстық және республикалық кезеңдері тек осындай форматта өтетін болады. Екінші мәселе - докторантураға қабылдау.
"Биыл докторантураға түсу емтихандары да ҰБТ-ға қойылған талаптар негізінде және Ұлттық бірыңғай тестілеу жүргізілген пунктерде өтеді. Бұл бізге "ректорлар тізімі" деген алып-қашпа сөзді және осындай тәуекелдерді ұмытып, докторантураға ең мықты және лайықты үміткерлердің оқуға түсуіне тиісті жағдай жасауға мүмкіндік береді деп ойлаймын. Эссені де, басқа да тапсырмаларды да осы компьютерлермен бейнекамералардың алдында отырып жазатын болады", - деп түсіндірді Аймағамбетов.
Үшіншіден, магистратураға түсу де электрон форматта қалады.
"Былтыр біз магистратураға түсушілердің емтихандарын пилоттық режимде электрондық форматта қабылдадық. Оқуға түскен азаматтар емтиханның расында әділ түрде өткенін айтып жатыр. Биыл бұл жұмыс жалғасын табады. Бұдан былай магистратураның емтихандары осы форматта өтеді", - деді министр.
Осылайша, олимпиадаларды, ҰБТ-ны ұйымдастырудан бастап магистратура мен докторантураға түскенге дейінгі барлық процесс электрон форматқа көшті.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также