06 тамыз 2019 10:47

Енді Түрікменстанда шенеуніктер жалақыны жаңа ереже бойынша алады

Түрікменстанда мемлекеттік қызметкерлер енді жалақысын коммуналдық қызметтерге төлеген соң ғана ала алады, - деп жазады CA-News.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түрікменстанда мемлекеттік қызметкерлер енді жалақысын коммуналдық қызметтерге төлеген соң ғана ала алады, - деп жазады CA-News.

Басылымның мәліметінше, жергілікті шенеуніктер жалақы алудың алдында коммуналдық қызметтері бойынша қарызы жоқ екенін растайтын анықтама әкелуі тиіс.

Реклама
Реклама

"Бюджет қызметкерлері коммуналдық қызметтерді төлегені жайлы анықтама әкелмейінше, шілде мен тамыз айларының жалақысы берілмейді", - делінген.

Бірақ, мемлекеттік қызметкерлердің айтуынша, қажетті анықтамаларды жинау үшін біраз уақыт керек болады. Талап етілген анықтамаларды алу үшін кем дегенде бір ай қажет және мыңдаған адамға жететін кезекке тұру керек дейді.

Жергілікті ұйымдардың басшылығы бұл прокуратураның талабы деп түсіндіріп отыр.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram