ПОДЕЛИТЬСЯ
15 қаңтар 2021 | 09:31
Енді зейнетақы жинақтарын тексеру бойынша SMS арқылы ақпарат алуға болады
Салымшыларға ыңғайлы болу үшін БЖЗҚ тұрғын үй жағдайларын жақсартуға, емделуге ақы төлеу, сондай-ақ, жеке басқарушы компанияларға инвестициялық басқаруға беру үшін қолжетімді зейнетақы жинақтары туралы ақпарат алуға болатын жаңа қосымша сервисті іске қосты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол үшін мына сілтеме арқылы порталға өтіп, mGov мобильді азаматтар базасында тіркелген ұялы телефон нөміріне SMS арқылы келіп түсетін бір реттік пароль арқылы кіру қажет.
Бір реттік пароль арқылы кіру үшін бар-жоғы бірнеше қадам жасау керек:
өзіңіздің ЖСН және ұялы телефон нөміріңізді енгізіңіз; дербес деректеріңізді жинауға және өңдеуге өз келісіміңізді беріңіз; "Кодты жіберу" батырмасын басыңыз; алынған алты таңбалы кодты ұялы телефоннан енгізіңіз.Бұл қосымша сервис арқылы салымшылар жеткілікті шегін ЭЦҚ-сыз және БЖЗҚ бөлімшелеріне бармай-ақ біле алады. Жаңа сервис мемлекеттік органдар айқындайтын ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі талаптарға толық сәйкес келеді.
Еске салайық, 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауында тұрғындарға зейнетақысының бір бөлігін алуға рұқсат етуді тапсырған еді. Ал 2 қаңтарда Президент заңға қол қойған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также