ПОДЕЛИТЬСЯ
27 тамыз 2024 | 13:56
Энергетика министрі АЭС салу кезіндегі сыбайлас жемқорлыққа қатысты сұраққа жауап берді
Энергетика министрі Алмасдам Сәтқалиев атом электр станциясына қатысты барлық мәселені бақылауында ұстайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Энергетика министрі Алмасдам Сәтқалиев атом электр станциясына қатысты барлық мәселені бақылауында ұстайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Үкімет отырысынан соң министрге "Атом электр станциясына бөлінген қаржы ұрланбай ма? Салдарынан жобаның іске асуы күмәнді болмай ма?" деген сауал жолданды.
Алмасдам Сәтқалиев мәселе бақылауда болады деп сендірді.
"Атом станциясын (салу бойынша) көпдеңгейлі бақылау механизмі бар. Бұл кез келген заңсыз әрекеттің барлық тәуекелін барынша азайтатынына сенімдімін. Мен министр ретінде бұған барынша ықпал етемін. Сондай-ақ қоғам, журналистік қоғамдастық алдында қабылданған шешімдер туралы үнемі есеп беремін", - деді министр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также