ПОДЕЛИТЬСЯ
25 наурыз 2022 | 13:35
Энергетика министрі КҚК-дағы апат нұсқасы туралы сұраққа жауап берді
Энергетика министрі Болат Ақшолақов Ресей мен Украина арасындағы қақтығысқа байланысты Каспий құбыр консорциумының (КҚК) құбыр жүйесінде болған апат нұсқасы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Энергетика министрі Болат Ақшолақов Ресей мен Украина арасындағы қақтығысқа байланысты Каспий құбыр консорциумының (КҚК) құбыр жүйесінде болған апат нұсқасы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте министр Ақшолақовқа КҚК-дағы апат мұнай өнімдерін басқа елдерге тасымалдауды қиындату үшін ұйымдастырылуы мүмкін бе деген сұрақ қойылды.
"КҚК - бұл халықаралық консорциум, оның акционерлері Батыс компаниялары, онда америкалық және еуропалық компаниялар бар. Менің ойымша, мұндайды ешкім жасамас еді. Бұл ешкімге де, Ресей Федерациясының өзіне де, жүк жөнелтушілерге, соның ішінде КҚК акционерлеріне де тиімсіз", - деді министр.
Энергетика министрлігі басшысы КҚК-дағы апат техникалық жағдайға байланысты болды деп есептейді.
"Нәтижесін кейінірек аламыз. Бірақ бұл әдейі жасалған болса, қанша күн өтті? 2-3 күн, қазір ЖАҚ-1 жұмыс істей бастады. Егер диверсия логикасын ұстанатын болсақ, ол мүлдем жұмыс істемеуі керек еді. Ал егер айлақ қазір жұмыс істей бастаған болса, сондай жағдай (техникалық. - еск.) болғанын білдіреді", - деп түйіндеді Ақшолақов.
Бұған дейін энергетика министрі Болат Ақшолақов Каспий құбыр консорциумындағы апаттан туындайтын қиындық туралы айтқан болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также