ПОДЕЛИТЬСЯ
19 сәуір 2023 | 15:09
Энергетика министрі сұйытылған газ қымбаттайтынын хабарлады
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев сұйытылған газ бағасы көтерілетінін хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев сұйытылған газ бағасы көтерілетінін хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Үкімет отырысы кулуарында журналистер сауалына жауап берген министр көліктерді ауқымды түрде қайта жарақтандыру және сұйытылған мұнай газын пайдалануға көшу көптеген елде үрдіске айналғанын атап өтті.
Министрдің айтуынша, газ өндіру айтарлықтай шектелген Қазақстанда компаниялар тапшылықты жабу үшін жыл сайын ТШО-ға өтініш жасап, экспорт ағындарын ішкі нарыққа бағыттауға мәжбүр. Бұл ішкі нарықтағы сұйытылған газ көлемінің ұлғаюына және сәйкесінше бағаның өсуіне әкеледі, деді Сәтқалиев.
"Салыстыру үшін: Ресейде баға екі есе жоғары, шамамен 120 теңге, Тәжікстанда 177 теңге. Ол жерде нақты нарықтық баға бар. Әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, көлікке отын ретінде сұйытылған газды ынталандыру үшін осы газ артық өндірілетін елдер бензин бағасының 70 пайыздық коэффициентін қолданады. Сонда бұл ақылға қонымды экономикалық механизм. Бізде алшақтық айтарлықтай, ал автокөлік жүргізушілері бағаның өсуі ықтимал екенін түсінуі керек, газ тапшылығына және болашақта қымбатырақ газды импорттау немесе ішкі нарыққа экспорттық бағамен газ жеткізу қажеттілігіне байланысты көптеген экономикалық факторлар бар", - деп түсіндірді министр үкімет кулуарында.
Дегенмен, сұйытылған газ бағасын көтеру кезең-кезеңімен және елдегі әлеуметтік жағдайға байланысты болуы керек, деп есептейді басқарма басшысы. Бірінші мүмкін өсім шамалы болуы мүмкін, 5-10 теңге шамасында, жақын арада.
"Мен 70 теңгеден асатын бастапқы құн туралы айттым, ал қандай да бір рентабельділік нормасы реттелуі керек. Бұл жерде қалыпты деп есептелетін халықаралық нарық қайтарымы туралы айтып отырған жоқпыз. Біз реттелетін сектор үшін инвестицияны және акционерлердің қандай да бір табыстылығын қамтамасыз ету үшін кірістің кемінде 5 пайызы өзіндік құннан жоғары болуы керек екенін айтып отырмыз", - деп түйіндеді сөзін Алмасадам Сәтқалиев.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также