26 қыркүйек 2022 | 11:26

Энергетика министрлігі 41 мұнай-газ учаскесін аукционға қойды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: elements.envato.com

Энергетика министрлігі 41 мұнай-газ учаскесін аукционға қойды. Сайтта көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша аукцион өткізу туралы хабарлама жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Энергетика министрлігі 41 мұнай-газ учаскесін аукционға қойды. Сайтта көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша аукцион өткізу туралы хабарлама жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоға сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Қазақстан Республикасының құзыретті органы ретінде, көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған электрондық аукцион жариялайды. Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған аукцион электрондық аукциондар операторының сайтында өткізіледі: www.gosreestr.kz", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, аукцион өткізу уақыты – 2022 жылғы 23 желтоқсан. Аукцион Астана уақыты бойынша сағат 10:00-ден 17:00-ге дейінгі кезеңде өткізіледі.  

Реклама
Реклама

Аукционға қатысуға өтінімдер беру мерзімі 2022 жылғы 23 қарашаны қоса алғанда, электрон аукциондар операторы сайтында қабылданады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная