ПОДЕЛИТЬСЯ
25 маусым 2024 | 11:23
Энергия өндіруші ұйымдардың миллиардтаған қарызы туралы белгілі болды
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев энергия өндіруші ұйымдардың миллиардтаған қарызы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев энергия өндіруші ұйымдардың миллиардтаған қарызы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Үкімет отырысы кезінде сөйлеген сөзінде Сатқалиев энергия өндіруші ұйымдардың отын үшін кредиторлық берешегі маңызды мәселе екенін мәлімдеді.
"Энергия өндіруші ұйымдардың "ҚазТрансГаз-Аймақ" АҚ алдындағы берешегі 24 миллиард 695 миллион теңге болады. Сондай-ақ, энергия өндіруші ұйымдардың "Богатырь-Көмір" ЖШС алдында 6 миллиард 029 миллион теңге сомасында берешегі бар. Энергия кәсіпорындары бойынша берешек слайдта көрсетілген. Энергия кәсіпорындары берешекті өтеуді жеделдетуі қажет", - деді Алмасадам Сәтқалиев.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также