ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 17 наурыз 2022 13:06
Еnpf-otbasy.kz сайтында ақау шықты
Қазақстандықтар enpf-otbasy.kz сайты жұмысындағы олқылықтарға шағымданады. "Отбасы банк" пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ең төменгі жеткілікті шек деңгейі сәуірде өзгереді. Желі қолданушылары enpf-otbasy.kz сайтына кіруде проблемалар туындап жатқанын айтқан. Бұл платформа арқылы зейнетақының бір бөлігін "Отбасы банкіне" аударуға болады.
Бір күн бұрын "Отбасы банк" enpf-otbasy.kz сайтына кіруде қиындықтар туындауы мүмкін екенін ескерткен болатын.
"Достар, өтініштердің көптігіне байланысты enpf-otbasy.kz платформасының өнімділігі төмендеп жатыр. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - деді банк өкілдері.
Кейінірек "Отбасы банк" IT мамандары платформа бойынша жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу