03 тамыз 2021 | 09:23

Эпидахуалы нашарлаған 4 өңір "қоңыр-қызыл" аймақта тұр

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: elements.envato.com

"Қоңыр-қызыл" аймақта (қауіпті аймақ) Қазақстанның төрт өңірі бар. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Қоңыр-қызыл" аймақта (қауіпті аймақ) Қазақстанның төрт өңірі бар. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Стационарларға жүктемені бағалау матрицасына сәйкес "қоңыр-қызыл" аймақта (қауіпті аймақта) төрт өңір бар: Алматы, Шымкент, Атырау және Қарағанды облыстары, оларда төсек-орынның толу көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 200 және одан жоғары", - деді Цой Үкімет отырысында.

Ол 2 тамыздан бастап өңірлерде іскерлік белсенділік теңгерімін және эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыруды ескере отырып және іске асыру шеңберінде шектеу шаралары қабылданғанын айтты.

Реклама
Реклама

2021 жылғы 3 тамыздағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес:

"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары.

"Сары" аймақта: Түркістан облысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная