Эпидемия әлсіреп жатыр - Бекшин Алматыдағы коронавирус жағдайы туралы

Алматыда коронавирус эпидемиясы әлсіреп жатыр. Бұл туралы онлайн-брифинг барысында қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда коронавирус эпидемиясы әлсіреп жатыр. Бұл туралы онлайн-брифинг барысында қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жағдайдың жақсарып келе жатқаны анық. Мысалы соңғы айда көрсеткіш 4,2-ден 1,4-ке түскен. Сондай-ақ бізде базалық репродуктивті сандар бар - ол бір науқас қанша адамға жұқтырғанын көсетеді. Ауру көп тараған уақытта бұл көрсеткіш 4-ке жеткен. Яғни, бір науқас 4 адамға жұқтырған. Бүгінде бұл көрсеткіш 0,9-ға азайған. Бұл аурудың азайып, эпидемияның әлсіреп жатқанын көрсетеді", - деді Бекшин. 

Айта кетейік, Алматыда коронавирустың 1400 ошағы анықталды. Сондай-ақ эпидемиологтар науқастармен жақын байланыста болған 48 мың адамды анықтап, бақылауға алды. 

Реклама
Реклама

Еске салайық, Алматыда коронавирус жұқтырғандардың саны 13 170-ке жетті. Оның ішінде, 7965 адам аурудан айыққан, жалпы 164 адам қайтыс болған.   

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама