21 маусым 2020 | 11:04

"Эпидемияны жеңетінімізге сенемін". Қытай төрағасы Елбасыға жеделхат жолдады

Фото: akorda.kz

Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа жеделхат жолдады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа жеделхат жолдады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.

Си Цзиньпин Қазақстанның тұңғыш президентінің коронавирус жұқтыруына байланысты алаңдаушылық білдірді.

Реклама
Реклама

"Коронавирус инфекциясы өрши бастаған сәттен Қытай мен Қазақстан эпидемияға қарсы жемісті ынтымақтастық жүргізіп келеді. Бұл Қытай-Қазақстан қатынастарының мәңгілік жан-жақты стратегиялық серіктестігінің жоғары деңгейі мен ерекше сипатын көрсетіп отыр. Сондай-ақ халықаралық қауымдастық үшін пандемияға қарсы бірлесіп әрекет етудің жарқын үлгісіне айналды", - делінген жеделхатта.

Қытай төрағасы эпидемияны жеңетінімізге кәміл сенетінін атап өтті. Ол екіжақты қатынас бұдан да нәтижелі дами түседі деген ойда екенін жеткізді.

"Мен сізбен қалыптасқан жақын достық қарым-қатынасты ерекше бағалаймын және шын жүректен тезірек сауығып кетуіңізді тілеймін", - делінген жеделхатта.

Еске салайық, 18 маусымда Қазақстанның тұңғыш президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Елбасының коронавирусқа тапсырған соңғы тесті оң нәтиже көрсеткенін мәлімдеді. Алайда ол "алаңдауға негіз жоқ" екенін атап өтті.

Оның айтуынша, Нұрсұлтан Назарбаев өзін оқшаулаған, қашықтан жұмыс істеуге көшкен.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная