ПОДЕЛИТЬСЯ
30 маусым 2022 | 09:06
Эпиджағдай қиындап барады - Денсаумин
Денсаулық сақтау вице-министрі - Қазақстанның бас санитария дәрігері Айжан Есмағамбетова Нұр-Сұлтан мен Алматы эпидахуал бойынша "сары" аймаққа жақындап келе жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Денсаулық сақтау вице-министрі - Қазақстанның бас санитария дәрігері Айжан Есмағамбетова Нұр-Сұлтан мен Алматы эпидахуал бойынша "сары" аймаққа жақындап келе жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Маусымның ортасынан бастап санитария дәрігерлері Қазақстанда коронавирус жұқтыру дерегі көбейгенін айтып жатыр.
"Тәулігіне 50 жағдайдан басталды, ал кеше 110 жағдай тіркелді. Апта бойынша қарайтын болсақ, 3,6 есе өсім байқалып отыр. Коронавирус жұқтырғандар көбіне Алматы мен Нұр-Сұлтанда көп", - дейді Есмағамбетова.
Эпидтергеу барысында вирус жұқтырғандардың 80 пайызы вакцина салдырмағандар немесе соңғы вакцина не ревакцинация жасағанына алты айдан көп уақыт өткен адамдар екені анықталған.
"Бүгінде бірінші компонентті 56 пайыз адам салдырған. Ревакцинация да жүріп жатыр - шамамен 4,8 миллион адам салдырды. Бүгінде эпиджағдай қиындап барады. Әзірге қосымша не жаңа шектеу енгізу туралы айтып отырған жоқпыз, себебі барлық өңір "жасыл" аймақта. Бірақ Нұр-Сұлтан мен Алматы "сары" аймаққа жақын", - дейді вице-министр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также