ПОДЕЛИТЬСЯ
30 наурыз 2021 | 13:26
Эпиджағдай нашар - Бекшин Алматыдағы коронавирус жұқтыру туралы
Алматы қоғамдық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев пен қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қаладағы коронавирус бойынша жағдайды баяндады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы қоғамдық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев пен қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қаладағы коронавирус бойынша жағдайды баяндады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
29 наурызда коронавирус инфекциясының 545 жағдайы тіркелді, оның 468-інде ауру белгілері бар, 77-сі симптомсыз.
"Қаладағы эпидемиологиялық жағдай нашар. Өткен тәулікте - 545 жағдай. Біз екі мутацияланған коронавирус штамын ескере отырып, одан көп анықталады деп ойлаған едік. Себебі олар жұқпалырақ әрі инкубация кезеңі қысқа. Бұған дейін вирус отбасындағы бірнеше адамнан ғана анықталса, мутацияланған штамдар үйде бәріне жұғады. Сондықтан өте қатаң шаралар енгізуді талап етеміз", - деді Бекшин.
Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы пандемия басталғалы 30 наурызға дейін Алматыда коронавирус инфекциясының 33 557 жағдайы тіркелгенін, оның ішінде 22 656-сы белгілері бар және 10 901-і симптомсыз болғанын атап өтті. 26 820 адам сауығып шықты, 452 адам қайтыс болды.
"Бір тәулікте 262 адам келіп түсті, 317 адам шығарылды, 210 адам сауықты, өлім жағдайлары болған жоқ. Барлығы инфекциялық стационарда 2 696 адам жатыр, оның ішінде 32-сі аса ауыр жағдайда, 302-сі ауыр жағдайда, 2 362-сінің жағдайы орташа ауыр. Реанимация және қарқынды терапия бөлімшелерінде 135 науқас, жасанды тыныс алдыру аппаратында 8, инвазив емес жасанды тыныс алдыру аппаратында 55 науқас жатыр", - деді Нариман Табынбаев.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также