ПОДЕЛИТЬСЯ
18 маусым 2023 | 17:32
Ер адам бөлімшеде бірнеше тұрғынды кепілге алды: Kaspi Bank пікір білдірді
Бүгін полиция қызметкерлері белгісіз ер адамның банк бөлімшесінде бірнеше тұрғынды кепілге алғанын хабарлады. Kaspi Bank өкілдері бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазір филиалда тек банк қызметкерлері ғана, филиалда келушілер жоқ. Тәртіп сақшылары қызметкерлерді қорқытқан ер адаммен келіссөз жүргізіп жатыр. Полиция мен банктің барлық күші ешкімнің зардап шекпеуін қамтамасыз етуге бағытталды. Кез келген ақпаратты таратуға жауапкершілікпен қарауыңызды және құқық қорғау органдарының жұмысына кедергі келтірмеуіңізді сұраймыз. Кез келген жалған ақпарат жағдайдың шиеленісуіне әкелуі мүмкін", - делінген хабарламада.
Еске салайық, Kaspi Bank-тің Астанадағы бөлімшесінде ер адам бірнеше тұрғынды кепілге алған. Желіде оқиға орнынан түсірілген видео тарады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также